Қазақстанда 18 жасар мектеп түлектері ЖОО емес, әскерге кетеді

Қазақстанда 18 жасар мектеп түлектері жоғары оқу орнына емес, әскерге кетеді. Мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Әскерге көктемгі шақыру мерзімі пандемияға байланысты тамызға дейін ұзартылған. Осылайша армия ер балаларды университеттер оқуға тіркегенше алып кетіп үлгереді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Алматы қаласы қорғаныс департаментінің басшысы Амантай Өсербаевтың сөзінше, кейінге шегеру жайлы барлық сұрақтарды шақыру комиссиясы жеке жеке қарайтын болады.