Қазақстанда 3 тамыздан бастап карантинді жеңілдету жоспарланып отыр

Қазақстанда 3 тамыздан бастап карантинді жеңілдету жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. Қатаң санитария, дезинфекция режимі, маска тағу, әлеуметтік арақашықтық сақтау ережелерін ұстану міндетті болып қала береді.

Апта ішінде ауруханалардағы төсек-орынның толу деңгейі 70%-тен кем болса, өлім-жітімнің азаюйы тұрақты болса, сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс істейтін болады. Бірақ жұмыс уақыты шектеледі.

Білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, 5 адамнан аспайтын топтардағы үйірмелер, мектепке дейінгі мекемелердегі кезекші топтар, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар қызметіне рұқсат беріледі. Мемлекеттік және кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80% қашықтан жұмыс істейді.