Сардоба су қоймасындағы апаттың негізгі үш себебі аталды

Сардоба су қоймасындағы апаттың негізгі үш себебі аталды. Өзбекстанның бас прокуратурасы осылай деп мәлімдеді. Айтуларынша, қойманың жобалық құжатында, құрылысты жүргізу мен қолданысқа беру кезінде қателіктер жіберілген. Қазір қойма құрылысына жауапты 9 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, барлығы қамауға алынды.