Цой Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар неге көбейіп жатқанын түсіндірді

Қазақстандықтардың санитарлық талаптарды сақтамауының кесірінен коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Цой республикада қараша айынан бері індетке шалдығу көрсеткіші өскенін атап өтті. Қарашада қазан айымен салыстырғанда 4,5 есеге артса, желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 есеге көбейген. “Қаңтарда бірқалыпты өсу үрдісі сақталып отыр. Бұл желтоқсан мен қаңтар айларында ұзақмерзімді мерекелер кезінде халықтың профилактика шараларын сақтамауының салдары. Қаңтар айы басталғалы бері 14 625 адам вирус жұқтырды. Ауруға шалдығу өсімі Шығыс Қазақстан облысынан басқа, барлық өңірде байқалып отыр”, – деді министр.