Қазақстанда 4 адам коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында – 1941 жылы туған әйел адам, Павлодар облысында – 1971 жылы туған әйел адам, Ақмола облысында 1977 жылы туған ер адам және 1952 жылы туған әйел адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы 14 маусымда түнде коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Адам өлімін зерттеу комиссиясы науқастар коронавирустан қайтыс болды деген шешім қабылдаған.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 77 адам қайтыс болған.