Нұр-Сұлтанда балабақша, кинотеатр және ойын орталықтары ашылмайтын болды

Нұр сұлтанда Covid-19 қаупіне байланысты астанада 15 маусымнан бастап балабақшалар, кинотеатрлар мен ойын орталықтары қалыпты режимде ашылып, жұмыс істемейтін болды, деп хабарлайды қала әкімдігі. Бірақ балабақшалар кезекші топтар арқылы, яғни бір топта 15 баладан жұмысын жалғастыратынын хабарлайды.

Ең бірінші кезекте балаларын үйіне қалдыруға мұршасы жоқ ата-аналар үшін қызмет етеді. Баланы балабақшаға қабылдар алдында тәрбиешілер ата-аналардың қатысуымен және медициналық қызметкердің бақылауымен баланы міндетті термометриядан өткізіп, таңертең тексереді.