Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды

Ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылыққа 2 236 сотталушы және пробация қызметі есебінде тұрған 11 310 адам түседі. Біріншіден, 1 000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады. Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1 294 сотталушыға және пробация қызметі есебінде тұрған адамға қолданылады. Үшіншіден, соталды өндірістегі 5 000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1 674-тен аса тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1 471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.