Қазақстанда бензин қымбаттауы мүмкін

Жыл соңына дейін АИ-92-нің литрі 170-180 теңгеге дейін өсуі ықтимал.

Мамандар АИ-92 бензинінің қымбаттауын акциз салығының көтерілуімен байланыстырады. 2025 жылы Еуразиялық экономикалық одақта мұнай өнімдерінің ортақ нарығы пайда болмақ. Ал оған дейін одақ елдерінің бағасындағы алшақтықты азайту керек. Бұл сол кезде ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін қажет.

Қазір бізде ірі шаһарларда АИ-92-нің литрі 150 теңгеден жоғары болып тұр. АИ-92 маркалы бензин Қарағандыда 152-156 теңгенің аралығында. Түркістанда 146-149 теңгенің шамасында. Павлодар аймағында бензиннің литрі 152-154 теңгеден. Таразда 148-152 теңгеден болып тұр. Ақтөбеде бензиннің литрі 156 теңгеден сатылуда. Өскеменде де баға Ақтөбедегідей. Қостанайда АИ-92 маркалы бензин 155 теңге. Талдықорғанда 152 теңгеден. Ақтауда 156 теңге шамасында.