Назарбаев 100 мың отбасына 50 мың теңгеден беруді тапсырды

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, – деп хабарлайды Elbasy.kz. Кездесу барысында праймериз нәтижелері талқыланғаны хабарланды. Кездесуде Елбасы партияға Birgemiz қорымен бірге бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік-осал отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер ұйымдастыруды тапсырды. “Партияның орталық аппараты және біздің қызметкерлер үлкен жұмыс атқарды. Мен бәріне атқарған жұмысы үшін ризамын. Алда әлі көптеген нақты іс бар. Ел игілігі үшін жұмысты жалғастыру маңызды”, – деп қорытындылады Тұңғыш Президент.