Қазақстанда екі апталық локдаун енгізілетіні туралы ақпарат – фейк

WhatsApp мессенджерінде алдағы уақытта екі апталық локдаун енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Хабарлама авторларының айтуынша, азық-түлік дүкендері де жабылады, тек дәріханаларға ғана бұрынғы режимде жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл – жалған ақпарат. Бүгінгі таңда мұндай қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бірде-бір облыста мұндай мәселе көтерілген жоқ», – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.