Қазақстанда ел тұрғындарының орташа жалақысы белгілі болды

Қазақстанда ел тұрғындарының орташа жалақысы белгілі болды.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, республика бойынша орташа айлық жалақы 429 000 теңгеге жеткен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалақының медианалық мөлшері 302 584 теңге. Бұл ел азаматтарының жартысы осы сомадан төмен, ал жартысы одан жоғары жалақы алатынын білдіреді.

Айта кетейік, биыл елде ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге болып белгіленді.