Құрылтай депутаттарына министрлерді қызметтен босату өкілеттігі берілуі мүмкін.
Құрылтай Президенттің ұсынысы бойынша ҚР Жоғары сотының судьяларын сайлайды және лауазымынан босатады, олардың антын қабылдайды. Сондай-ақ Құрылтайға Конституциялық сот судьяларын, Жоғары сот судьяларын және ҚР Бас прокурорының ұсынысы бойынша Құрылтай депутаттарын тиіспеушіліктен айыру мәселелерін шешу өкілеттігі берілмек, – деді сенатор Нұрлан Бекназаров.
