Қазақстанда ипотека шарттарына қатысты жаңа өзгерістер кейінге қалдырылды.
Шілдеден бастап енгізілуі тиіс жаңа мөлшерлемелерді 2027 жылдың 1 қаңтарына шегеру ұсынылды. Мұндай бастаманы Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк көтерді.
Жобаға сәйкес, бастапқы жарнасы жоғары азаматтар үшін жеңілдік қарастырылмақ. Егер тұрғын үй құнының кемінде 30%-ын қарыз алушы өзі төлесе, ипотека бойынша шекті жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20% болады. Ал бастапқы жарна аз болған жағдайда мөлшерлеме 25% деңгейінде сақталады.
Осылайша, 2026 жылдың екінші жартысында ипотекалық қарыздар бойынша шекті мөлшерлеме 25% болып қала береді.
