Қазақстанда мерзімді әскери қызметшілерге арналған жаңа Voenmart сервисі іске қосылды.
Енді сарбаздар арнайы терминалдар мен планшеттер арқылы азық-түлік пен күнделікті тауарларға онлайн тапсырыс бере алады. Ассортиментте дайын ас, бәліштер және фастфуд түрлері де бар. Жеткізу қызметі тегін, сарбаздар тек тауардың құнын төлейді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жоба Алматы облысы мен Астанадағы әскери бөлімдерде, сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде пилоттық режимде сынақтан өтуде. Егер жоба тиімділігін дәлелдесе, сервис еліміздің басқа әскери бөлімдеріне де енгізілуі мүмкін.
