Әскери борышын өтеу кезінде жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар көз жұмды.
Астанада ол үш жыл бойы ауыр жарақатпен күрескен еді. Естеріңізге сала кетейік, Ербаян Мұхтар 2023 жылы мерзімді әскери қызметін атқару кезінде басынан қатты жарақат алған болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәрігерлер ұзақ уақыт бойы қарқынды терапия жүргізгенімен, науқастың жағдайы біртіндеп нашарлап, 2026 жылдың 23 маусымында биологиялық өлім тіркелді. Министрлік Ербаянның ұзақ уақыт бойы тұрақты вегетативтік күйде болғанын және респираторлық қолдау көрсетілгенін хабарлады. Соңғы айларда инфекциялық асқынулар мен көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамыған.
Бұл оқиғаға байланысты ішкі тексерулер жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Ербаян Мұхтар Қазақстан мен Түркияда ем қабылдап, кейін отбасымен бірге елге оралып, медициналық бақылауда болған.
Денсаулық сақтау министрлігі сарбаз Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.
