Қазақстанда мешіттер қайта ашылады

Қазақстан билігі 31 тамыздан бастап шектеу шараларын тағы жұмсартатынын хабарлады. Коронавирус пен вирустық пневмония қайта өршіген соң билік шілде айында карантинді күшейтіп, көптеген бизнес нысандары, кәсіпорындар жұмысын тоқтатып, кейбірінің жұмысы шектелген еді.

26 тамыз күні жарияланған ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, келесі дүйсенбі яғни, 31 тамыздан бастап елде төмендегі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі:

діни нысандар (бірақ жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);​
бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері (алдын ала жазылу арқылы және адамдар арасында қашықтық сақталуы тиіс);
мәдени орындар (толы болмауы тиіс, адамдар арасында қашықтық сақталуы тиіс, маска тағуға міндетті)
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: ұлттық саябақтар, қорықтар (15 адамнан аспайтын шағын топтардың жүруіне рұқсат етілген, маска тағу, адамдар арасында қашықтық сақталуы тиіс).

Бұған қоса, қалааралық және елді мекендерге жүретін автобустардың жүруіне рұқсат етілген.