Назарбаевқа чемпиондық атақ берілді

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион” мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

“Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құруға ерекше тарихи үлес қосқанын ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді”, – делінген ресми хабарламада.