Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады

Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев хабарлады. «Онлайн оқу білім алудың жаңа форматына айналады. Жалпы, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады. Олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді. «Болашақ» бағдарламасын қайта қарастыруды бастадық»,- деп жазды вице-министр.