Қазақстанда сүт өнімдері бір жылда шамамен 30 %-ке қымбаттады

Фото: pixabay.com

Қазақстанда сүт өнімдері бір жылда шамамен 30 %-ке қымбаттады. Әсіресе, консервіленген сүт, йогурт, айран, қаймақ, сүзбе және қатты ірімшіктің бағасы өсті, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұндай деректерді ENERGY PROM талдаушылары таратты. Сүт қазір Маңғыстау және Қарағандыда қымбат. Одан кейінгі тізімде Шымкент тұр. Айтпақшы, биыл елде сүт өнімдері былтырғымен салыстырғанда 16%-ке көп өндірілген. Оның үстіне отандық өндірушілер кілегей мен сүтке деген ішкі сұранысты толығымен қамти алады екен.