Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдау ұсынылды

Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдау ұсынылды
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдауды ұсынды. Ол шетелдік донорлар медиа мен құқық қорғау ұйымдарының қолдауын жамылып, саяси мүдделерін алға тартып отырғанын мәлімдеді. Депутат Израиль, Қытай, Австралия, Ұлыбритания және Францияда осындай заң бар екенін айтып, Қазақстанға да енгізуді ұсынды. Заң қабылданса, шетелден қаржыландырылатын ұйымдар өз материалдарын арнайы белгілеуге міндеттеледі. Қазір елде 200-ге жуық ҮЕҰ шетелдік қаржы алады, оның 70%-ы АҚШ-тан келеді. Олар негізінен БАҚ, сөз бостандығы және демократияны дамыту бағытында жұмыс істейді. Смирнованың пікірінше, шетелдік ұйымдардың ықпалы күшейсе, бұл елге қауіп төндіруі мүмкін.