Қазақстанда ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады

Қазақстанда ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады.

Сенат депутаттары ғылым және әлеуметтік салаларға қатысты заңды екінші оқылымда мақұлдады. Жаңа нормалар аясында ғылыми ұйымдарға ортақ зертханаларға тең қолжетімділік беріледі. Бұл зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Сонымен қатар жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс ұсынылады. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі жеңілдетіліп, бірнеше көзден қаражат тартуға мүмкіндік жасалады. Ұлттық ғылым академиясы бюджет және өзге заңды қаржы көздері арқылы қаржыландырылады.