Сенат Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады.
Құжат құқықтық қайшылықтарды жоюға және заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң аясында бір палаталы Парламент – Құрылтайдың қызметіне және Қазақстан Халық Кеңесін құруға қатысты түзетулер енгізілді. Сонымен қатар азаматтардың Конституциялық сотқа жолданымдары үшін төленетін мемлекеттік баж алынып тасталады.
Редакциялық түзетулер де жасалды: құқықтық терминологияда «шетелдік» сөзі «шетел азаматы» деп ауыстырылады, «тенге» жазылуы «теңге» нұсқасына келтіріледі. Астана қаласында аумақ атауларын көрсету тәртібі нақтыланады.
