Қазақстандық банктерде ресейлік рубль толып қалды

Қазақстандағы коммерциялық банктерде қолма-қол ресейлік рубль толып қалды, бұған биліктің шетел валютасын елден шығаруға тыйым салуы себеп болды, деп мәлімдеді Ұлттық банк. Банктегілердің айтуынша, рубльдің көбейіп кетуіне Ресеймен арадағы сауданың артуы, Ресей азаматтарының Еуразия экономика одағы аясында емін-еркін жүруі де әсер етті. Биыл наурызда Қазақстан президенті адам басына 10 мың доллардан асатын валютаны елден шығаруға тыйым салған. Ұлттық банк пен үкімет екінші деңгейлі банктердің рубльді сыртқа шығаруына мүмкіндік жасау үшін жарлыққа өзгеріс дайындады, дейді 13 шілдеде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.