Қазақстандықтарға оң рульді көліктерді заңдастыруға мүмкіндік беріледі

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті. “Көлік құралдарын біржолғы тіркеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақында ғана оң рульді көліктер бір реттік заңдастыруға енгізілетіні туралы тиісті түзетулер енгіздік. Қазір мұндай көліктердің саны 20 мыңға жуық”, – деді әкімшілік полиция комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев. Бұған дейін ІІМ көлікті бастапқы тіркеу үшін 200 000 теңге төлейтінін айтқан.