Биыл Қазақстанға бес миллионнан аса шетелдік келген

Олардың жартысынан көбі Ресей азаматтары. Бұл туралы көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 650 мың шетелдік уақытша тұрып жатыр. Ал алты миллионға жуық адам елден кеткен.