Қазақстандықтар БЗЖҚ-дан 2 триллион теңгеден аса қаражат алған

Дегенмен зейнетақы қорындағы жинақ сомасы бес пайызға артқан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Биыл 1 қазанда еліміздің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың зейнетақы жинақтары 13,1 триллион теңгеге жеткен. Салымшылар жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге, жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аударуға болатынына қарамастан, бұл көрсеткіш өсті. Жинақ көлемінің өсуі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістер көлемінің ұлғаюымен байланысты.