Тоқаев халықты Ұлттық валюта күнімен құттықтады

“Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі”, – деп жазды Мелекет басшысы Twitter-де. Қазақстанда 15 қарашада ұлттық валюта күні аталып өтеді. 1993 жылы дәл осы күні республикада теңге айналымға енгізілген.