Қазақстандықтар қосымша үш күн демалыс ала алады

Қазақстандықтар қосымша үш күн демалыс ала алады.

Бұл Еңбек кодексінің 87-бабында нақты көрсетілген. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов азаматтарды өз құқықтарын дұрыс пайдалануға шақырды.

«Еңбек кодексінде скринингтерден өту үшін арнайы демалыс қарастырылған. Қызметкерге жылына үш жұмыс күніне дейін скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беріледі. Жұмыс беруші бұл арнайы демалысты беруге міндетті. Өз құқығыңызды пайдаланыңыздар. Скринингтен өтіңіздер», – деді депутат.

Скрининг Қазақстанда тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кіреді.