Қазақстандықтар жеке куәлікті енді 5-10 минуттың ішінде ала алады

ІІМ-мен бірге біртіндеп арнайы терминалдарды қолданысқа енгіземіз, сөйтіп құжаттарды миграция мамандарына жүгінбей-ақ, терминал арқылы ресімдеуге болады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деп хабарлады.