Қазақстандық жүк көліктер шекарада кептеліп тұр

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Ресей – Латвия арасындағы кедендік бақылау бекетінен өте алмай жатыр. Шекараның екі жағында да ұзынсонар кезек. Көліктердің жалпы саны мыңнан асады. Оның ішінде елуі отандық жүргізушілер. Мәселе Еуропалық Одақтың Ресей мен Беларуське санкция салуынан басталды. Кейін беларус елінің кәрі құрлықтан қатынайтын жүк көліктеріне қарымта шектеу енгізуі жағдайды ушықтырып жіберді. Беларусь шектеуін алмаса, ұзынсонар кезек жаз бойы жалғасады.