Қазақстандық жүргізушілер көлік салығын қашан төлейді

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Басылым мәліметінше, жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанынан 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойған болатын. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтардың біріктірілгені белгілі болды. Яғни, енді екі салық бірыңғай төлеммен өтелмек. Одан бөлек, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталған. Көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастауға оны жинауға кететін шығынның бірнеше есе асып түсуі себеп болды. Салықтың мөлшері өте төмен, 8 теңгеден 20 теңгеге дейін, ең көп дегенде 100 теңге шығады.