Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахимбекова қайтыс болды

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахимбекова қайтыс болды. Марқұмның өліміне коронавирустық пневмония себеп болған. Суыт хабар жайлы оның жары, “Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының” басқарма төрағасы Төлеутай Рахимбеков Facebook парақшасында жазды.

Салтанат Рахимбекова бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың жетекшісі болған. Экономика ғылымдарының докторы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.