Елдегі карантин тағы екі аптаға ұзартылды

Елдегі карантин тағы екі аптаға ұзартылды. 17 тамызға дейін жалғасатын шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке осындай тапсырма берді. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, елде 5 шілдеден бастап енгізілген карантин нәтижесін берді.

Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткіші төмендеген. Сонымен қатар мемлекет басшысы үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді тапсырған болатын. Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетінін хабарлады.