Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Алматы қалалық соты Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еске салайық, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталған болатын. Артынша, прокуратура алматылық мәслихат депутаты Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады.