Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті

Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып кетті.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, 42 жолаушы жарақат алды. Оның 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Оқиға Ақтау–Бейнеу тас жолында болған. Көлік министрлігінің мәліметінше, апатқа ұшыраған Yutong маркалы жолаушылар автобусы былтыр 19 желтоқсанда техникалық тексеруден өткен және Caspian Trans Corporation ЖШС-не тіркелген.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.