“Қазарнаулыэкспорт” директоры міндетін атқарушы ұсталды

Аршат Аяғанов броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілетін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлайды. Өзге ақпарат жарияланбайды.