Қостанай облысында медбике короновирусқа байланысты төлемін өндіріп алды

Еске сала кетейік, жұмыста пневмония жұқтырған ол 2 миллион теңге көлемінде дәрігерлер алатын төлемді ала алмаған. Сот денсаулық сақтау басқармасын жұмыста коронавирус жұқтырған фтизиопульмонология орталығының бұрынғы медбикесіне өтемақы төлеуді міндеттеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сотта құжаттардың облыстық денсаулық сақтау басқармасына келіп түскені, ал жауапкердің дәлелдері зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен теріске шығарылғаны анықталды. 2 миллион теңгеден басқа, денсаулық сақтау басқармасы өкілдік шығындар мен мемлекеттік салықты төлеуі тиіс. Сот актілері әлі заңды күшіне енген жоқ.