Алматыдағы Зерделі ықшамауданында қисайған тұрғын үйлердің іргетасы нығайтылып жатыр

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Зерделі ықшамауданының тұрғындарын толғандырған мәселе назардан тыс қалған жоқ. 2020 жылы 7 үйдің іргетасы нығайтылды. Биыл 10 үйді нығайту жоспарланған. Барлық жұмысты құрылыс нормасы мен технологиясын және талаптарын сақтай отырып жүргізуді тапсырдым”, – деді Сағынтаев. Қала басшысының айтуынша, алдағы уақытта 13 ауланың қасбеті ретке келтіріліп, балаларға арналған ойын мен спорт алаңдары, орындықтар мен жарық жүйесі орнатылады.