Бұдан былай сарбаздар әскери бөлімді өздері таңдайды

Бұдан былай сарбаздар әскери бөлімді өздері таңдайды. Азаматтар Қорғаныс министрлігінің іске қосқан MyArmy.kz порталы арқылы мерзімді немесе келісімшарттық қызметті өткеруге өтініш бере алады. Порталда өзекті жаңалықтар мен материалдарды қарап, кері байланысты пайдалануға болады. Сайт рәсімдерді жеңілдетуге және шақыру комиссиялары жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған. Тіркеу және құжаттарды рәсімдеу онлайн режимде жүзеге асады.