Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Мемлекет басшысы сапар барысында қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады. Медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралайды. Бұдан бөлек президент қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізбек.