Бүгінде пранктерге қатысты шағымдар көбейіп жатыр.
Соған байланысты пранк ұйымдастыруға ресми түрде тыйым салу мәселесі талқыланбақ. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Еске салсақ, жуырда блогер Аружан Айбекова Қытай мен Өзбекстанның қоғамдық орындарында бейтаныс жігіттердің қол-аяғынан ұстап, пранк түсірген еді. Блогер қыз бұл әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елімізде жыл басынан бері пранк жасағаны үшін 20-дан астам адам жауапқа тартылған.
