Үкімет ата-аналардың жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту бастамасын талқылайды.

Үкімет ата-аналардың жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту бастамасын талқылайды.

Мұндай ұсынысты жуырда Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден көтерген еді. Вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұмангарин бұл бастаманы толығырақ зерттеу қажет екенін айтты.

“Әлемдік тәжірибеде мұндай жағдай бар. Біреу үйде тұрмыстық шаруамен айналысса, әсіресе балалармен болса, бұл да өндірістік еңбек болып есептеледі. Бұл көрсеткіштер экономикада ескеріледі, бәрі саналады. Сондықтан бұл бастаманы тереңірек зерделеу қажет”, – деді вице-премьер.

Ол сондай-ақ депутаттар бастаманы ресми түрде енгізген кезде Үкімет оны қарауға міндетті екенін жеткізді.