Бүгіннен бастап грант иегерлері жоғары оқу орындарына құжат тапсыра алады

Ғылым және жоғары білім министрлігі осылай деп хабарлады. Талапкерлерді қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жүргізіледі. Министрлік мәліметінше, отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлерге жеке куәлік, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат керек. Ал техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом қажет. Тапсыру керек құжаттардың ішінде № 075/у нысанындағы медициналық анықтама, ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі, білім грантын тағайындау туралы электрондық куәлік бар. Сонымен қатар жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар ұсынуға тиіс. Айта кетейік, грантқа ілікпей қалған талапкерлерге әлі де мүмкіндік бар.