БҚО-дағы «Сырым» өткізу бекетінде ұзын-сонар кептеліс пайда болды

Бұған Ресейдің жүк көліктерін технологиялық тексеру процесіне енгізген өзгерістері себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір көрші мемлекет жағында 600-ге жуық, ал біздің елдің шекарасында 100 шақты көлік қаңтарылып тұр. Бейтарап аймақта тағы 40 жүк көлігі кезегін тосуда. Мамандардың айтуынша, ресейліктер көліктегі жүкті толық тексеруден өткізу үшін инспекциялық тексеру кешенін іске қосқан. Алайда «Маштаково» өткізу бекетінде жүкті рентген аппаратымен қарау мүмкіндігі жоқ. Ал жүздеген көліктегі қыруар жүкті қолмен түсіріп, тексеруге уақыт кетіп жатыр.