КВИ-дің таралуы жағынан жағдай күрделеніп кеткен үш өңір аталды

Көптеген елде инфекцияның таралуының екінші толқыны жүріп жатыр. Тіркелген жағдайлардың орташа өсімі бір айдың ішінде шамамен 4,5 пайызды құрады. Облыстардағы өсім 2 пайыздан 8 пайызға дейін артуда. Бүгінгі күні елімізде 44100-ге жуық жағдай тіркеліп отыр. Күніне орташа есеппен мың жарым адам ауырады», – деді Ажар Гиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы айда COVID инфекциясымен ауырған науқастардың ең жоғары өсімі – халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік қалалар, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларының халқы арасында тіркелген. Мысалы жеке адамдар арасында инфекцияның ең жоғары өсімі Атырау облысында, Алматы қаласында, БҚО-да, Маңғыстау, ШҚО мен Алматы облыстарында байқалады.