Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Әбішев тұтқындалды

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Әбішев тұтқындалды. Олжас Әбішев 500 миллион теңгені талан-таражға салды, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Оған қатысты тергеуді Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр. Бұрынғы вице-министрге электронды қадағалау құралы тағылды. Электронды білезік адамның аяғына тағылады. Ол қазір үйқамақта деп хабарлайды Sputnik.

Айта кетейік, 3 тамызда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Олжас Әбішев өз еркімен жұмыстан кетуге өткен аптада өтініш бергенін хабарлады. Содан кейін оның екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болды. Ол цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне басшылық жасады.