Қазақстанның үздік мұғалімдері марапатталды

Қазақстанның үздік мұғалімдері марапатталды. 64 мұғалімге 2,7 млн теңге табысталды. “Үздік педагог-2020” байқауының жеңімпаздарына төсбелгі тапсырылды. Салтанатты шара Нұр-Сұлтанда Мұғалімдер күні қарсаңында білім министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өтті. Қоса кетсек, республикалық “Үздік педагог” байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Сегіз жылдың ішінде 432 мұғалім осы атаққа ие болды. Биыл конкурсқа қатысуға 143 педагог өтінім берген. Соның ішінде 64 мұғалім үздіктердің қатарынан табылды.