Бұқтырма су қоймасында теплоход батып кетті

Бортта 24 адам адам болған. 21 жолаушы және үш құрамнан құралған команда. Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы “Аюда” демалыс орталығынан үш шақырым жерде болған. Жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады. Суға батып бара жатқан қайыққа жағадағы демалушылар көмекке келген. Олар гидроскутерге отырып алдымен балаларды, кейін барлық азаматтарды жағаға жеткізген. “Барлығы 21 жолаушы құтқарылды. Олар “Аюда” базасына орналастырылды. Барлық азаматтың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес. Жолаушылардың заттарын құтқарушылар оқиға орнынан жағалауға жеткізді”, – деді ведомство өкілдері.