ҰҚК экс-басшылығына қатысты істегі 3 миллион доллар елге қайтарылды

Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылары мен қызметкерлерін тергеу барысында Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен осындай сома қайтарылған. Тәркіленген жылжымайтын және басқа мүліктердің суреттері де жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасау» ісі бойынша тергеліп жатыр.