БАӘ мен Түркиядан оралған қазақстандықтар стационарға жатқызылады

БАӘ мен Түркиядан оралған қазақстандықтар стационарға жатқызылады. ПТР-тест анықтамасы болмағандар екі күнге оқшауланады. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитария дәрігері Сәдуақас Байғабылов айтты. Қазаннан бастап екінші санаттағы елдерден (21 ел) әуерейстермен Қазақстанға келетін барлық адамға қосымша талаптар енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Оның айтуынша, әуекомпаниялар Қазақстанға билет сатып алған жолаушыларға COVID-19 бойынша қосымша талаптар туралы хабарлауы керек. “Шетелдік азаматтар мемлекеттік шекарадан өткен кезде 3 күннен аспайтын мерзімге COVID-19-ға теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама алуы керек. Әйтпесе, ұшақ бортына кіргізілмейді”, – дейді көліктегі бас мемлекеттік санитария дәрігері.